Yanalif 2025 / Jaßälip 2025 / Жаңәліп 2025

Аннотация

Қазақ тілінің заманауи латын әліпбиі.

Кіріспе

Қазақ тілі қазір латын жазуына көшу процессінде. Қолданыстағы әліпби орыс кирилл негізінде құрылғандықтан қазақ тілінің орфография мен фонетикасында көптеген сәйкессіздіктерге әкеліп, әліпбиде артық дыбыстар мен әріптердің орын алуына себеп болды. Осы мәселені шешу үшін біз қолданыста болған Жаңәліп атты алғашқы латын әліпбиін жаңғыртуды ұсынамыз.

Тарихи контекст

Қазақ тілі әр кезеңде әртүрлі әліпбилерді қолданды. 1929 жылы латын негізіндегі Жаңәліп әліпбиі енгізілді. Ол 1938 жылы аздап өзгертіліп, 1940 жылы толықтай кирилл әліпбиімен ауыстырылды. Содан бері латын әліпбиін қайта енгізу мақсатында мемлекеттік тіл зерттеу орталықтары мен энтузиастар тарапынан әр түрлі нұсқалар ұсынылып келеді. Келесі кестеде қазіргі қолданыстағы әліпби, Жаңәліптің 1929-шы жылғы нұсқасы, 2021 жылғы соңғы ресми нұсқа және Qazaq Grammar (QG) қауымдастығының ұсынысы салыстырмалы түрде талданады. ABDEFGKLMNOPQRSTZ әріптері фонемаларға толықтай сәйкес болғандықтан кестеге түспеген.

Кирилл (ресми)Жаңәліп 1929Ресми нұсқа 2021Qazaq Grammar
ӘƏÄÄ
ӨƟÖÖ
ІIIİ
ЫЬYI
ҰUŪU
ҮYÜÜ
И (vowel)-İI
Й (consonant)JİY
ШCŞC
ЖÇJJ
ҒƢĞĞ
Х-HH
ҺHH-
ҢÑŃ
У (vowel)-U-
У (consonant)VUW
В-VV

Ұсынылған әліпбилердің бәрі жаңа таңбаларды енгізуді қажет етеді, демек компьютер мен типографияда қиындықтар туғызады. Оған қоса, бұл ұсыныстар көбіне кирилл таңбаларын латын таңбаларына тікелей көшіруге тырысып, қазіргі орфографияны сақтап қалған. Мұндай тәсіл қазіргі тілдегі сәйкессіздіктерді одан әрі жалғастырады. Qazaq Grammar нұсқасы бұл мәселені шешкенімен, ұсынысындағы түрік әліпбиінің қатты ықпалы типографияда, әсіресе ı I i İ l L әріптерін жазуда қиындықтар туғызады.

Ұсыныс

Жоғарыда айтылған мәселелерге сүйене отырып, Жаңәліп2025 әліпбиі үшін келесі талаптар қоямыз:

  1. И және У әріптеріне қатысты нақты емле ережелерін қалыптастыру (Жаңәліп1929-ға сүйену).
  2. Қазақ тіліне бөтен фонемалар мен әріптерді алып тастау.
  3. Жаңа таңбаларды енгізуден бас тартып, латын әліпбиіндегі әріптерін барынша пайдалану.

Осы талаптарды бойынша ең оңтайлы шешім — еуропалық тілдерде қолданыстағы кеңейтілген латын әліпбилерінің бірін қолдану. Біз Жаңәліп2025 үшін неміс әліпбиін пайдалануды ұсынамыз, себебі оның:

  1. 30 әріптен тұрады және қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды қамтуға жеткілікті.
  2. Умлаутты дауыстылар қазақ тіліндегі жіңішке фонемаларға дәл келеді.
  3. Бірнеше еуропалық елдерде ресми әліпби ретінде қолданғандықтан, типография, кодтау және пернетақта, смартфон, компьютерлік бағдарламалар сияқты электронды құрылғыларда қолдаумен қиыншылық болмайды.

Сонымен қатар, халықаралық төлқұжаттар сияқты тек 26 әріптік латын әліпбиі рұқсат етілетін жағдайлар үшін транслитерация ережелерін әзірледік.

Бұл бөлімде Жаңәліптің ескі (1929) және ұсынылған (2025) нұсқалары, транслитерация ережелері және мысалдар салыстырмалы кесте түрінде берілген.

Кирилл (ресми)Жаңәліп 1929Жаңәліп 2025Транслитерация ережелеріМысалдар
ӘƏÄAHälem/ahlem
ӨƟÖOHöner/ohner
ІIIItemir, bilim
ЫЬWWtabws, wdws
ҰUUUtumar
ҮYÜUHkün/kuhn
И--IY/WY
ЙJYYtoy
ШCCC/SHcam/sham
ЖÇJJjol
ҒƢXX/GHxalam/ghalam
Х-HH/KHhan/khan
ҺH--
ҢßNHteßge/tenhge
У (дауысты)---
У (дауыссыз)VVVsavda
В---

Жаңәліп1929 нұсқасына енгізілген басты өзгерістер:

Әліпбидің толық нұсқасы

Жаңәліп 2025 әліпбиі

Кірме сөздер және автоматты аударма

Қазіргі қолданыстағы қазақшада орыс тілінен тікелей енген кірме сөздер айтарлықтай көп. Осыны ескере отырып, біз сөздің шығу тегін (төл немесе кірме) анықтау үшін таңбаларға негізделген автоматты конвертер жасадық. Кірме сөздер үшін қарапайым сәйкестендіру ережелері қолданылады және олардың бөгде тілден шыққанын көрсету үшін бас әріппен жазылады. Ал төл сөздердегі аударудағы негізгі қиындық — И және У дыбыстарын дұрыс беру. Бұл процесті ережелерін құрастыру үшін 1930-жылдары шыққан кітаптар мен мақалалар талданды. Осы материалдардың транскрипцияланған мәтіндер болмағандықтан, PaddleOCR жүйесін Жаңәліп1929 нұсқасына баптау арқылы оптикалық тану құралы жасалды. Бұл материалдарды алдағы уақытта жарияламақшымыз.

Артықшылықтары

Су жаңа әліпбиді құрастырудың орнына бұрыннан қалыптасқан әліпбиді пайдаланудың артықшылығы мол. Ең бастысы — жаңа пернетақта үлгілерін, қаріптер мен кодтау жүйелерін әзірлеу қажет емес, мұның арқасында жаңа әліпбиді тездете енгізуге болады.

Даулы мәселелер

W, X, V, ẞ әріптерін Ы, Ғ, У, Ң дыбыстарына қолдану сиықсыз көрінуі мүмкін. Көбінесе, осындай әріптердің кесірінен шетелдіктер қазақша дұрыстап оқи алмайды деген пікірлер бар. Алайда әліпбиді құру кезінде шет тілділер емес, қазақ тілділердің жайын ойлау керек, себебі:

Онлайн аудармашы

Пернетақтаны қолдану